Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды

Ерлан Қошанов қайтадан Мәжіліс төрағасы болды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілістің төрағасы лауазымына Ерлан Қошанов сайланды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Еске салсақ, ҚР Конституциясы 58-бабының 1-тармағына сәйкес, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

Ерлан Қошановтың кандидатурасын Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.