---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/28/qajrat-nurtas-otyrghan-koelik-zhol-erezhesin-oereskel-buzdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды

![Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/c219ab90ea114fed5e92bf74b96c0e7e.jpg)

**Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Роликте Қайрат Нұртас көліктің артында отырғанын көруге болады. Кейін полиция Mercedes-Benz көлігін анықтап, жүргізішісі жазаланған.

> — Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласында ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы, құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді, — деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

---

Жарияланды: 2023-03-28T06:08:50+06:00

Жаңартылды: 2023-03-28T06:08:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/28/qajrat-nurtas-otyrghan-koelik-zhol-erezhesin-oereskel-buzdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.