Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды

Қайрат Нұртас отырған көлік жол ережесін өрескел бұзды

Әнші Қайрат Нұртас отырған көлік жүргізушісі Талдықорғанда жол ережесін бұзған, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде оқиға орнынан видео тараған болатын. Роликте Қайрат Нұртас көліктің артында отырғанын көруге болады. Кейін полиция Mercedes-Benz көлігін анықтап, жүргізішісі жазаланған.

— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 45 жастағы көлік жүргізушісі Алматы қаласында ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетісу полициясы азаматтарға белсенді азаматтық ұстанымы, құқық бұзушылыққа төзбеушілік танытып, құқық қорғау органдарына көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді, — деді Жетісу облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.