---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/27/erbol-tileshev-til-sayasaty-komitetining-toeraghasy-qyzmetine-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ербол Тілешев Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды

![Ербол Тілешев Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/radmin_news_2023_03_27_230327125843395e_w860_h580.webp)

**ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Ербол Ердембекұлы Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ербол Тілешов 1965 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университетін бітірген.

1992-2001 жылдары С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді.

2001-2002 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарды.

2002-2004 жылдары Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды.

2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті.

2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы.

2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2023-03-27T07:44:05+06:00

Жаңартылды: 2023-03-27T07:44:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/27/erbol-tileshev-til-sayasaty-komitetining-toeraghasy-qyzmetine-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.