---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/24/toqaev-altaj-aebibwllaevty-elshi-qyzmetinen-bosatty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Алтай Әбибуллаевты Елші қызметінен босатты

![Тоқаев Алтай Әбибуллаевты Елші қызметінен босатты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/photo_425374.jpeg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап. **

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен, сондай-ақ Нұрбах Рүстемов Қазақстанның Румыниядағы Елшісі лауазымынан босатылды.

Айта кетсек, Ерлік Әли Қазақстанның Румыниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды.

Ал Қазақстанның Аустриядағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

---

Жарияланды: 2023-03-24T06:54:57+06:00

Жаңартылды: 2023-03-24T06:54:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/24/toqaev-altaj-aebibwllaevty-elshi-qyzmetinen-bosatty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.