---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/24/memleket-basshysy-dinara-saedwaqasovany-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Динара Сәдуақасованы қабылдады

![Мемлекет басшысы Динара Сәдуақасованы қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/1679640751_kz1_4596-_2-scaled.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен шахматтан әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасова елімізде шахматты дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысына Динара Сәдуақасова елімізде шахматтың танымалдылығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар және келешектегі жоспары жөнінде баяндады.

Оның айтуынша, балалар арасында шеберлік сағаттары мен квалификациялық турнирлер ұдайы ұйымдастырылып тұрады.

Президент  Динара Сәдуақасованы былтыр жыл соңында Алматыда өткен әлем чемпионатында шахматтың рапид түрінен күміс медальға қол жеткізуімен тағы да құттықтап, шахматшыларға мемлекет тарапынан  жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі шахматшыға алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

---

Жарияланды: 2023-03-24T07:01:05+06:00

Жаңартылды: 2023-03-24T07:01:05+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/24/memleket-basshysy-dinara-saedwaqasovany-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.