---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/23/toqaev-qazaqstandyqtardy-ramazan-ajynyng-bastalwymen-quttyqtady-2/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

![Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/almaty-central-_.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

> — Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл — күллі мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша мезгіл. Адамзатты рухани тазаруға және жан-жақты кемелденуге бастайтын осы айда төзімділік, жанашырлық, имандылық сияқты құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Ата-бабамыз Рамазанды «он екі айдың сұлтаны» деп ардақтаған. Ораза ұстаған жамағатқа ауызашар беріп, бір-біріне ерекше құрмет көрсеткен, — деді Тоқаев.
> 
> 
> 
> 
> — Салт-дәстүрімізбен сабақтас асыл дініміз ғасырлар бойы Ұлы далада елдің бірлігін және қоғамның тыныштығын сақтау жолында маңызды роль атқарып келеді. Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ораза қабыл болсын! — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-03-23T05:22:18+06:00

Жаңартылды: 2023-03-23T05:22:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/23/toqaev-qazaqstandyqtardy-ramazan-ajynyng-bastalwymen-quttyqtady-2/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.