Қазақстанда бір тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда бір тәулікте 23 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 23 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

23 наурыздағы жағдай бойынша, қазір 1 795 адам коронавирус инфекциясынан (коронавирустан (КВИ+) –1 625, пневмониядан (КВИ-) – 170) емделуде. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 655 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:

— 5 адамның жағдайы ауыр,

— 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.