---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/16/kyzdar-net-sajtynyng-top-menedzherleri-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Kyzdar.Net сайтының топ-менеджерлері ұсталды

![Kyzdar.Net сайтының топ-менеджерлері ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/b9zt9fyq1wsa1ol9y4mscvehj5edl234.jpg)

**ІІМ республика аумағында 11 адамнан құралған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сілтеме жасап.**

Олар Kyzdar.Net интернет-сайты арқылы жезөкшелікке жарнама жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 миллион теңгеге дейін пайда түсіріп отырған.

Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 миллиард теңге болады (орташа алғанда жылына 2 миллиард теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынған, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.

> — Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы ақпартқа жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған. Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 миллион теңгеден аса ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды, — делінген хабарламада.

Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалған. Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу үшін притон ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық» деген 309-бабы бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, пайдаланушылардың веб-сайтқа қолжетімділігін бұғаттау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта соталды тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

---

Жарияланды: 2023-03-16T04:13:21+06:00

Жаңартылды: 2023-03-16T04:13:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/16/kyzdar-net-sajtynyng-top-menedzherleri-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.