---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/15/toqaev-ankaragha-zhumys-saparymen-barady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барады

![Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/images.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады», — деп жазды Ақорданың ресми сайты.

---

Жарияланды: 2023-03-15T04:22:32+06:00

Жаңартылды: 2023-03-15T04:22:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/15/toqaev-ankaragha-zhumys-saparymen-barady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.