---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/14/ulttyq-bank-bir-zhylda-inflyaciya-213-gha-zhetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық банк: Бір жылда инфляция 21,3%-ға жетті

![Ұлттық банк: Бір жылда инфляция 21,3%-ға жетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/ek85o1ujk4zedtcnoakgwprldgrwyqngfdtxwp6i.jpg)

**Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов Үкімет отырысында елде инфляцияның айлық көрсеткіші құбылып отырғанын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айында ең жоғары мәнге жеткен соң, біртіндеп төмендеуде, бірақ ол ақпанда 1,3%-ға дейін аздап жеделдеді. Осылайша айлық инфляция құбылмалы болып тұр және 5 жыл ішіндегі орташа жылдық мәннен асатын деңгейге жетті. Жылдық мәнде ақпан айындағы инфляция құбылып тұр», — деді Ұлттық банк басшысы.

Сондай-ақ, ол Ұлттық банк ақпан айында кезекті болжамды раундты аяқтағанын еске салды.

> «Жаңа деректер мен сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, инфляция болжамы биыл 9-12%-ға дейін, 2024 жылы 6-8%-ға дейін қайта қаралды, 2025 жылы өзгеріссіз – 4-6% деңгейінде сақталды», — деді ол.

---

Жарияланды: 2023-03-14T06:17:06+06:00

Жаңартылды: 2023-03-14T06:17:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Экономика](https://qazaqpress.kz/category/ekonomika/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/14/ulttyq-bank-bir-zhylda-inflyaciya-213-gha-zhetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.