---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/14/burynghy-ministr-elzhan-birtanov-zhanga-qyzmetke-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бұрынғы министр Елжан Біртанов жаңа қызметке келді

![Бұрынғы министр Елжан Біртанов жаңа қызметке келді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/photo_110678.jpeg)

**Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов QazMed республикалық салалық медицина қызметкерлері кәсіподағы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Экс-министрдің жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ҚР Кәсіподақтар федерациясы медиа орталығының директоры Гүлмира Қаракөзова мәлімдеді.

> «Qazmed» медицина қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіптік одағының қатары артуда. Бүгін ұжымға ҚР Кәсіподақтар федерациясының кеңсесінде кәсіподақ төрағасының жаңа кеңесшісі Елжан Біртанов таныстырылды. «Qazmed» республикалық медицина қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Әлиақпар Мәтішев әріптестерін құттықтай отырып, медицина қызметкерлері әлеуметтік-әріптестік қатынастарды дамытуда орасан зор тәжірибесі бар Елжан Біртановқа үлкен үміт артып отырғанын атап өтті», — деп жазды Гүлмира Қаракөзова Facebook парақшасында.

---

Жарияланды: 2023-03-14T07:58:19+06:00

Жаңартылды: 2023-03-14T07:58:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/14/burynghy-ministr-elzhan-birtanov-zhanga-qyzmetke-keldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.