---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/13/oskar-syjlyghynyng-biylghy-iegerleri-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды

![«Оскар» сыйлығының биылғы иегерлері белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/vo-skolko-nachnyotsya-oskar-2023-i-mozhno-li-smotret-iz-rossii_16786299021971706089.jpg)

**Лос-Анжелестегі Dolby театрында америкалық кино өнері академиясының 95-ші марапаттау рәсімі өтіп жатыр. 2023 жылдың алғашқы «Оскар» сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

**Алғашқы марапатталғандар:**

Үздік анимациялық фильм – **«Пиноккио»** Гильермо дель Торо.

Үздік қосалқы актер — **Ке Хюи Куан** («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Үздік қосалқы актриса — **Джейми ли Кертис** («Барлығы барлық жерде және бірден»)

Ең үздік қысқаметражды фильм **«Ирландша қоштасу»** болды.

Үздік операторлық жұмыс – **«Батыс майданда өзгеріс жоқ»** фильмі (Джеймс Френд).

Ең үздік грим мен шаш үлгісі – **«Кит»** фильмі.

Үздік костюмдер – **«Қара Пантера: Ваканда мәңгіге»** фильмі.

Шет тіліндегі үздік фильм – **«Батыс майданда өзгеріс жоқ»** (Германия).

Үздік қысқаметражды деректі фильм – **«Пілдер сиқыршысы»**. Бұл ерлі-зайыптылар мен жетім піл арасындағы әсерлі, әкелік қарым-қатынасқа негізделген үнді-америкалық жоба.

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм – **«Бала, көртышқан, түлкі және жылқы»**.

Ең үздік қоюшы-дизайнер жұмысы – **«Батыс майданда өзгеріс жоқ»**.

Үздік саундтрек – **«Батыс майданда өзгеріс жоқ».**

Үздік қоюшы-суретші жұмысы — **«Батыс майданда өзгеріс жоқ».**

Үздік визуалды эффектілер – **«Аватар: Су жолы»**

Үздік түпнұсқа сценарий **— «Барлығы барлық жерде және бірден».**

Үздік бейімделген сценарий **– «Әйелдер сөйлеп тұр».**

Үздік дыбыс **— «Топ Ган: Мэверик».**

Үздік ән **—** үндістандық **RRR **фильміндегі «Naatu Naatu» әні.

Үздік монтаж — **«Барлығы барлық жерде және бірден».**

Үздік режиссер **— «Барлығы барлық жерде және бірден» **фильмінің режиссерлері Дэниел Кван және Дэниел Шайнерт.

Үздік актер — **Брендан Фрейзер** («Кит»).

Үздік актриса — **Мишель Йео **(«Барлығы барлық жерде және бірден»).

Үздік фильм — **«Барлығы барлық жерде және бірден».**

---

Жарияланды: 2023-03-13T04:59:33+06:00

Жаңартылды: 2023-03-13T04:59:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/13/oskar-syjlyghynyng-biylghy-iegerleri-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.