---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/07/qajsar-sultanbaev-iim-aepk-toeraghasy-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қайсар Сұлтанбаев ІІМ ӘПК төрағасы болды

![Қайсар Сұлтанбаев ІІМ ӘПК төрағасы болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/13c330a09d43419d80780778f813611a.jpeg)

**Қайсар Сұлтанбаев Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің басшысы болды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов министрлік басшылығына Әкімшілік полиция комитетінің төрағасын таныстырды. Президент Әкімшілігімен келісе отырып, ішкі істер министрінің бұйрығы бойынша, ІІМ ӘПК төрағасы қызметіне полиция полковнигі Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды.

*— Жаңа басшыны таныстыра отырып, министр қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, полиция жұмысының орталықтандырылған моделіне көшудің және полиция қызметіне сервистік тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті, — деді Қазақстан ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.*

 

---

Жарияланды: 2023-03-07T08:25:32+06:00

Жаңартылды: 2023-03-07T08:32:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/07/qajsar-sultanbaev-iim-aepk-toeraghasy-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.