---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/07/aebil-zholamanov-atyraw-oblysynyng-maedeniet-basqarmasyna-basshy-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әбіл Жоламанов Атырау облысының мәдениет басқармасына басшы болып тағайындалды

![Әбіл Жоламанов Атырау облысының мәдениет басқармасына басшы болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/radmin_news_2023_03_07_230307132406944e_w860_h580.webp)

**Әбіл Жоламанов Атырау облысының мәдениет басқармасына екінші рет басшы болып тағайындалды. Ол бұған дейін де аталған басқармаға жетекшілік еткен еді, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Атырау облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәліметі бойынша, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы қызметіне Әбіл Жоламанов кірісті.

Ол 1992 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тарихшы, тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1992-1994 жылдары Батыс Қазақстан облысының Жымпиты орта мектебінде тарих және қазақ тілі пәні мұғалімі қызметінен бастаған. Кейін мектептің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған.

Ал, 1994-2008 жылдары Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы әкімі аппаратында, аудандық жұмыспен қамту орталығында, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде, білім бөлімінде басшылық қызмет атқарған. 2008-2014 жылдары Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшысы, 2014-2015 жылдары Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары лауазымында жұмыс істеген.

Ал, 2015-2017 жылдары Атырау облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы, 2017-2019 жылдары Мәдениет және спорт министрлігінде мәдениет және өнер департаменті директорының орынбасары, кейін директоры болып тағайындалған.

2019-2020 жылдары Ұлттық архивтің басшысы қызметінде болған.

---

Жарияланды: 2023-03-07T08:29:49+06:00

Жаңартылды: 2023-03-07T08:29:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/07/aebil-zholamanov-atyraw-oblysynyng-maedeniet-basqarmasyna-basshy-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.