---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/06/qazaqstanda-mindetti-bejnebaqylaw-erezhesi-qabyldandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережесі қабылданды

![Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережесі қабылданды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/03/photo_423655.jpeg)

**Қазақстанда бейнебақылау жүйелерінің жабдықталу және пайдалану қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.**

Қылмыстық атқару орындары мен полиция бөлімшелерінде, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде міндетті бейнебақылау ережесі қабылданды.

> «Бейнебақылау жүйелері жеке бас гигиенасына арналған орындардан басқа, келген-кеткендердің жүру бағыты мен күзет бөлмелерін де қамтиды. Тікелей жазба режимінде бейнежазбаларды қашықтықтан көруге және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жедел шаралар қабылдауға құқығы бар тұлғалардың тізімі құрылды. Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге қайшы келмейді және заңсыз тергеу әдістерін шектеуге бағытталған», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Бейне жазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, соттар және басқа да органдар дәлел ретінде пайдалана алады.

Бейнебақылау жүйелерінің материалдық-техникалық жұмысын және бейнемұрағаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша орган басшылары тікелей жауапты.

Бұл қағидалар Мемлекет басшысының 2020 ж. 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында қарастырылған. Сөйтіп, әр азаматтың құқығын қорғау саласындағы тағы бір тиімді құрал пайда болды.

---

Жарияланды: 2023-03-06T06:16:51+06:00

Жаңартылды: 2023-03-06T06:16:51+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [міндетті бейнебақылау](https://qazaqpress.kz/tag/mindetti-bejnebaqylaw/), [Мемлекет басшысы](https://qazaqpress.kz/tag/memleket-basshysy/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/06/qazaqstanda-mindetti-bejnebaqylaw-erezhesi-qabyldandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.