Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді

Алматылықтарға тауға шықпауға кеңес берілді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қауіпіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді, деп хабарлайды Qazaqpress.

— ТЖД көшкін қаупі туралы № 5 дауылды ескерту негізінде: 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін.

Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс, — деді ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.