---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/03/01/toqaev-alghys-ajtw-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады

![Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/2020_05_05_foto-tok.jpg)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

*— Құрметті отандастар!*

*Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!*

*Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі.*

*Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады.*

*Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау көрсетуі аса маңызды.*

*Бүгінгі мейрамда адал еңбегі, жасампаздығы мен отаншылдығы үшін барша халқымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.*

*Біз еліміздің ауызбіршілігін сақтай білсек, кез келген қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құрып, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін.*

*Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!, — деді Тоқаев.*

---

Жарияланды: 2023-03-01T03:35:55+06:00

Жаңартылды: 2023-03-01T03:36:28+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/03/01/toqaev-alghys-ajtw-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.