Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 449,14 теңгені құрады, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ге сілтеме жасап.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446,5 – 449,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 446 – 450 теңге аралығында құбылып тұр. 27 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 84 теңгеге қымбаттап, 448, 83 теңге болған.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз