---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/27/oemirden-ozghan-darkhan-juzz-ding-zhary-kuejewine-aeserli-estelik-zhazdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өмірден озған Darkhan Juzz-дің жары күйеуіне әсерлі естелік жазды

![Өмірден озған Darkhan Juzz-дің жары күйеуіне әсерлі естелік жазды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/photo_422990.jpeg)

**Таиландта қайтыс болған Darkhan Juzz лақап атымен танымал қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің жұбайы [Instagram](https://www.instagram.com/p/CpF0ojINyIq/?igshid=OTJlNzQ0NWM=) желісінде марқұмға арнап әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews-ке сілтеме жасап.**

> «Сен көз тиіп кетеді деп суреттерімізді жариялама дейтінсің. Менің, бала-шағаның маңдайларына күйе жағып қоятынсың. Маған әрқашан қолқанат болып, көмектесіп жүретінсің әсіресе балалар дүниеге келген кезде. Оның қандай музыкант болғанын бәрі біледі. Бірақ, оның қандай тамаша жар, әке және ұл болғанын білетіндер аз. Ал, үйге дейін шығарып салған кездеріңде: «Күйеуің боламын, досың боламын, ағаң да, әкең де боламын» дегенің есімде», – деп жазды жесір.
> 
> 
> 
> 
> … Айтқаныңның бәрі есімде. Соңғы сөздерің: «Кешіріңдер, уәде берсем де, келуге уақыт таппай отырмын. Мен студиядамын. Қолым босамай жатыр, жұмыс көп. Бірақ, міндетті түрде бәрін тындырған соң уақыт бөлемін», – деп қосты ол.

---

Жарияланды: 2023-02-27T08:04:59+06:00

Жаңартылды: 2023-02-27T08:04:59+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Darkhan Juzz](https://qazaqpress.kz/tag/darkhan-juzz/), [Instagram](https://qazaqpress.kz/tag/instagram/), [жазба](https://qazaqpress.kz/tag/zhazba/), [әйелі](https://qazaqpress.kz/tag/aejeli/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/27/oemirden-ozghan-darkhan-juzz-ding-zhary-kuejewine-aeserli-estelik-zhazdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.