---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/27/buegin-bes-qalada-awa-sapasy-nasharlajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

![Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/2021030217450679384_1583564975_news_b.jpg)

**27 ақпан, дүйсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметі бойынша, 27 ақпанда еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Қарағанды, Жезқазған, Атырау, Шымкент, Алматы қалаларында ғана ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

---

Жарияланды: 2023-02-27T06:43:48+06:00

Жаңартылды: 2023-02-27T06:43:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/27/buegin-bes-qalada-awa-sapasy-nasharlajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.