---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/24/endi-zangdy-tulghalargha-zhshs-ashw-ueshin-halyqqa-qyzmet-koersetw-ortalyghyna-barwdyng-qazheti-zhoq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Енді заңды тұлғаларға ЖШС ашу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ

![Енді заңды тұлғаларға ЖШС ашу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/v-kazahstane-yurliczam-dlya-otkrytiya-too-bolshe-ne-nuzhno-ezdit-v-czon1-1068x601.jpg.webp)

**Енді заңды тұлғаларға қызметтерді қолдану үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. Олар Мемлекеттік корпорациямен келісім-шартқа отырып, шартқа сәйкес Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері өтініштерді өздері жазып, дайын құжаттарды жібереді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Қызмет Астана қаласы, Тұран даңғылы, 37/9 мекенжайы бойынша жаңа заңды тұлғаларға қызмет көрсету орталығында ұсынылады. Клиенттерге ақылы негізде қызмет көрсетіледі және 3 айға келісім-шарт жасасып, 20 қызметтен 500-ге дейін қызмет көрсету пакетін таңдай алады. Оған қоса, олар ешқайда бармай-ақ барлық мемлекеттік қызметтерді тап орнында пайдалана алады.

Заңды тұлғалар өзінің жеке менеджерін таңдай алады. Ол консультациялық көмек көрсетіп қана қоймай, клиентті Халыққа қызмет көрсету орталығына келуден босатып, барлық қызметтерге өзі тапсырыс береді. Ал, дайын болған құжаттар жеткізу қызметі арқылы жіберіледі.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/bagdat-musin-skoro-v-kazahstane-otkroetsya-superczon1-1068x601.jpg.webp)

Статистикаға сәйкес, заңды тұлғалар арасында ең кең қолданылатын қызмет түрі мемлекеттік тіркеу, құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ қызметін тоқтату екен. Құжаттарды жинап, кезекте тұру іскер адам үшін қолайсыз еді бұрын. Сондықтан, заңды тұлғаларға қызмет көрсету процесін жеңілдетіп, оларға жеке халыққа қызмет көрсету орталығын қарастыру шешімі қабылданды.

Айта кетелік, бұл сервис тек кәсіпкерлерге емес, жеке құрылыс компаниялары үшін де ыңғайлы, өйткені қызмет қолданушыға жылжымайтын мүлікке жеке мүлік құқығын тіркеу және жер қатынастары саласындағы коммерциялық қызметтер ұсынылу мүмкін.

---

Жарияланды: 2023-02-24T07:57:48+06:00

Жаңартылды: 2023-02-24T07:57:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/24/endi-zangdy-tulghalargha-zhshs-ashw-ueshin-halyqqa-qyzmet-koersetw-ortalyghyna-barwdyng-qazheti-zhoq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.