---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/21/elordada-aejelder-forwmy-oetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордада әйелдер форумы өтті

![Елордада әйелдер форумы өтті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/img-20230221-wa0006.jpg)

**Елордада еліміздің түкпір-түкпірінен келген 800-ден астам қатысушының басын қосқан «AMANAT» партиясының әйелдер форумы өтті. Жиынға белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, көпбалалы аналар, кәсіпкерлік, білім беру сияқты және басқа да салалардың өкілдері қатысты.**

Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, сондай-ақ олардың өз қабілет-қарымын жүзеге асыруын және елдің саяси өміріне араласуын қамтамасыз етуге бағытталған «AMANAT» партиясының бастамалары талқыланды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/img-20230221-wa0004.jpg)

Партияның Республикалық сайлауалды штабының басшысы Ерлан Қошанов әйелдердің мемлекеттік басқару ісіне және қоғамдық өмірге араласуын кеңейту қажет екенін атап өтті.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/img-20230221-wa0005.jpg)

Сонымен қатар, Ерлан Қошанов форумға қатысушылардың партияда әйелдер қанатын құру туралы ұсынысын қолдап, Орталық аппараттың басшылық құрамын әйел адаммен толықтыруды тапсырды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/img-20230221-wa0007.jpg)

> *«AMANAT» мүшелерінің 60%-дан астамы – әйелдер. Сайлаудағы партиялық тізімнің үштен бірін де біздің аруларымыз құрайды. Біз әрбір әйелдің еңбегі мен арманына құрметпен қараймыз. Әйелдердің саясатқа барынша белсенді араласу қажет. Сонда қоғам мейлінше әділетті бола түседі»*, – деді ол.

Ерлан Қошанов өңірлік әйелдер форумдарының қорытындысы бойынша көп ұсыныс түскенін атап өтті. Олардың барлығы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/img-20230221-wa0008.jpg)

Осы күні штаб мүшелері «Астана-Тазалық» еңбек ұжымымен кездесті. Кәсіпорын қаланың санитарлық тазалығымен, аумақтарды абаттандырумен және тазалаумен айналысады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/img-20230221-wa0009.jpg)

Партиялықтар кәсіпорын қызметкерлерімен бірге сайлауалды бағдарламада көрініс тапқан жұмысшылардың құқықтары мен денсаулығын қорғау шараларын талқылады.

---

Жарияланды: 2023-02-21T11:34:28+06:00

Жаңартылды: 2023-02-21T11:35:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [«AMANAT» партиясы](https://qazaqpress.kz/tag/amanat-partiyasy/), [елорда](https://qazaqpress.kz/tag/elorda/), [Ерлан Қошанов](https://qazaqpress.kz/tag/erlan-qoshanov/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/21/elordada-aejelder-forwmy-oetti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.