Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қазақстанда «ЖАСТАР ҮНІ» жас кандидаттарды қолдау блогы құрылды

Рамазан Есмагамбетов by Рамазан Есмагамбетов
20 февраля, 2023
Қазақстанда «ЖАСТАР ҮНІ» жас кандидаттарды қолдау блогы құрылды

Журналисттер мен белсенді жастар «Жастар үні» жас кандидаттарды қолдау блогын құрды.

Байланысты

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Бұл туралы бүгін журналисттер Ерқанат Көпжасарұлы, Ақбөпе Тәңірберген, Нұрсұлтан Құрман және ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Яков Федоров пен Мақсат Халық Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәжілісінде жария етті.

Қазақстан Ұлттық арнасы «Ашық алаң» саяси ток-шоуының жүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы айтуынша «ЖАСТАР ҮНІ» жас кандидаттарды қолдау блогының қатарына кез келген жас кандидаттарды қорғаймын, қолдаймын, кеңес беремін деген белсенді жастар кіре алады:

«Біздің басты мақсатымыз – қоғамда пікірін ашық білдіріп жүрген, өз мамандығының жілігін шағып майын ішкен, елдің ішіндегі проблемалардан хабардар әр саланың белсенді жастарын халық арасындағы қолдауына байланысты Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына қатысып, бақ сынап көруге шақыру», – дейді ол.

«Еуразия» телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірберген өз жеке кейсімен бөлісіп, жас депутаттар көбейсе, мәжілістің де ұйқысы ашылар еді деген ой білдірді:

«Мен тілші ретінде ауыл-аймақты аралап, проблемасын эфирден көрсеткенде, сол ауданнан шыққан депутаттар «халықтың проблемасын шешейік, мынандай мәселе бар екен» деп назар аударудың орнына, ол ауылдың әкімі жақсы азамат деп, мына журналстікі не сұмдық, біздің ауылдың жаман жақтарын ңғана көрсетті деп шығатын еді. Бірақ сол ауылда туған жерінің проблемасын шырылдап жүріп көтеретін жастар бар. Олар ойын да ашық айтады, сауатты. Осындай жастар қазір бір мандаттық жүйе бойынша сайлауға түсіп жатыр екен оларға қолдау керек», – деп атап өтті.

Ал тележүргізуші, блогер Нұрсұлтан Құрман өз тарапынан жас кандидаттарға әлеуемттік желіде қолдау көрсететіні туралы айтты:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Мен өзім бармасам да, сол салаға барғысы келіп, еліміздегі заң саласында өзгерістер енгізіп, халыққа пайдасы тиетін азаматтарды қолдағым келеді. Сондықтан да, тұрақты жас көрермендерден тұратын аудиториясы бар ютуб каналымда «теледебат» ұйымдастырып, әр партиядан ұсынылып жатқан жас кандидаттарды шақыратын боламын. Оның барлығы тікелей эфирде өтеді. Екіншіден, барлық деңгейдегі кандидаттарға подкаст, интервью ретінде көмек көрсететін боламын».

Танымал блогер Яков Федоров қазақстандық жастарға қатысты стереотиптерге тоқталды:

«Бізде қазақстандық жастар саясатқа қызықпайды деген стереотип бар, алайда бұл олай емес. Бұған дейін жастарда мүмкіндік пен таңдау болған жоқ. Ал, қазіргі уақытта кез келген азамат өзін-өзі ұсына алады. Ең бастысы – жастар өзгеріс енгіземін деген шын ниеттерімен бара жатыр», – деді ол.

Экономист, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Мақсат Халық партиялардан жасалып жатқан қолдауға тоқталды:

«Шыны керек, бізді бірде-бір партия қолдап жатқан жоқ, «Аманат», «Ауыл», «Республика» партиясы болсын. Сонықтан да, қазіргі уақытта өзімізді ұсынып, болашаққа үлес қосамыз деген ниет бар. Әрине, өңірлерде әділетсіздік орын алатын шығар, бірақ өзгерістерді өзіміз жасап, қаңтардан бастап айтылып келе жатқан «Жаңа Қазақстанды» бірге құру керекпіз», – деп атап өтті.

Айта кетейік, «Жастар Үні» жас кандидаттарды қолдау блогы – өз-өзін бір мандаттық жүйемен ұсынғандарды да, партия атынан ұсынылып отырғандарды да бөліп-жармай қолдауға дайын. Бастысы 21-35 жас аралығындағы жастар санатына жататын азаматтар болу тиіс.

Tags: «Жастар үні»белсенді жастаржурналистер
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Meta Instagram және Facebook-те аккаунт тексеруді ақылы қылмақшы

Келесі жаңалық

AERC: 2023 ж. ақпан айында Қазақстандағы жылдық инфляция көрсеткіші 21,06% деңгейге жетеді

Рамазан Есмагамбетов

Рамазан Есмагамбетов

Байланысты жаңалықтар

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
Категориясыз

Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды

11 августа, 2026
Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
Категориясыз

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 августа, 2026
«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

11 августа, 2026
Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері
Категориясыз

Freedom Holding Corp.-тың 2027 ф.ж. І-тоқсанындағы қаржылық нәтижелері

11 августа, 2026
Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты
Категориясыз

Астанада Comic Con қатысушылары тазалық жұмысына шықты

10 августа, 2026
Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады
Категориясыз

Жаңа адамдар балаларға әлеуетті қауіп төндіретін тұлғалардың арнайы реестрін құруды ұсынады

10 августа, 2026
Келесі жаңалық
AERC: 2023 ж. ақпан айында Қазақстандағы жылдық инфляция көрсеткіші 21,06% деңгейге жетеді

AERC: 2023 ж. ақпан айында Қазақстандағы жылдық инфляция көрсеткіші 21,06% деңгейге жетеді

Қазақстанда оң жақ рульді көлік иелері заңдастыру процесіне наразы

Қазақстанда оң жақ рульді көлік иелері заңдастыру процесіне наразы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

Көк-Төбеде Жаңа адамдар ұйымдастырған «Жаңа ритмге қосыл» ауқымды перформансы өтті

2 сентября, 2025
Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

Жаңа Конституция – қоғам дамуының заңды талабы

5 февраля, 2026
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырудың 668 жағдайы тіркелді

Кейінгі тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны анықталды

15 ноября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    «Дауысы сенімді, бірақ сөзі жалған»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы дипфейктердің танымал адамдарды ақпараттық манипуляцияларда қалай пайдаланатынын көрсетті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Туризм және спорт министрі «Болашақ ойындары 2026» аясындағы фиджитал-футбол жарысына қатысты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Halyk қорының 10 жылдығына орай: Алматы облысында ауыл балалары арасында республикалық турнир өтеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстандық азамат журналист Лұқпан Ахмедияровты жала жапқаны үшін жауапқа тартуды талап етті

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
  • Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі
  • «Қазақмыс» қызметкерлердің өтініштері бойынша жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.