---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/16/inflyaciya-aelemge-awrwdaj-tarap-ketti-azamattardyng-satyp-alw-qabileti-bir-zhylda-09-ke-toemendedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Инфляция әлемге аурудай тарап кетті: азаматтардың сатып алу қабілеті бір жылда 0,9%-ке төмендеді

![Инфляция әлемге аурудай тарап кетті: азаматтардың сатып алу қабілеті бір жылда 0,9%-ке төмендеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/inflyacziya-szhiraet-zarplaty-vo-vsyom-mire-pokupatelnaya-sposobnost-upala-na-09-za-god-main-bizmedia.kz_-1068x601.jpg.webp)

**2006-2019 жылдар аралығында дүниежүзі бойынша орташа айлық көрсеткіші жыл сайын 2%-ке өсіп келе жатқан еді, ең жоғары өсім 2007 жылы – 3,1%-ті құрады. 2017 ж. ең төменгі көрсеткішке (1,4%) қарамастан, бұл халықтың сатып алу қабілеті жайлап артып келгенін білдіреді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

**Бірақ Happy-end-ті COVID-19 бұзып кетті**

COVID-19 пандемиясының экономикаға әсері қатты сезілді, бұған 2019-20 ж.ж. аралығында дүниежүзі бойынша жыл сайынғы орташа айлық көрсеткіштің 2%-тен 1,5%-ке дейін төмендегені дәлел. Төтенше жағдай режимініі қабылданғаны жалақысы төмендеу адамдарға көп зиянын тигізді, ал көп жалақы алатындар жұмыстарын сақтап қалды.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/inflyacziya-szhiraet-zarplaty-vo-vsyom-mire-pokupatelnaya-sposobnost-upala-na-09-za-god-bizmedia.kz2_-1068x409.jpeg.webp)

**2022 ж. инфляция және логистика жүйесінің құлдырауы**

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында дүниежүзінде жалақы көрсеткіші орташа есеппен 0,9%-ке төмендеді, оған қоса бұл тенденция Қытайды қоспағанда, одан әрі нашарлап, 1,4%-ке дейін төмендеп кетті. Бұл ішінара 2021-2022 ж.ж. инфляцияның өсуіне байланысты болды және тұтынушылардың сатып алу қабілетінің төмендеуіне алып келді.

**G20 елдеріндегі жалақы**

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында G20 елдеріндегі жалақы әлем бойынша орташа көрсеткішке сүйенсек, 0,9%-ке төмендепті. Әсіресе, ЕО мен Ұлыбритания елдерінде құлдырау көрсеткіші жоғары болғаны анықталды – жалақы көрсеткіші шамамен 2,2% төмендеді, ал Ұлыбританиядан тыс елдерде сатып алу қабілеті 2,4% төмендеді.

Алғаш рет Еуропалық Одақта орташа айлық көрсеткіші 2012 жылы төмендеген болатын. Кейінгі жағдайлармен салыстырсақ: сол кезде Ұлыбританияны есептен шығарса, жалақы 0,7%-ке, ал оны да есепке алса, 0,9%-ке төмендегені анықталады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/inflyacziya-szhiraet-zarplaty-vo-vsyom-mire-pokupatelnaya-sposobnost-upala-na-09-za-god-bizmedia.kz3_-1068x460.jpeg.webp)

**Орталық және Батыс Азиядағы жалақы**

2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық және Батыс Азиядағы жалақы көрсеткіші 2,5%-ке өсіп, оны жер шарындағы ең өсімі қарқынды аймаққа айналдырды. Азия-Тынық мұхиты аймағында да жалақы көрсеткіші сәл болса да 1,3%-ке өскені байқалды. Бірақ, Қытайды санамағанда, көрсеткіш 0,7% құрайды. Оң нәтижелі көрсеткіш Біріккен Араб Эмираттарының мемлекеттерінде де байқалды: +1,2%.

**Әлемнің өзге аймақтарындағы жалақы көрсеткіші**

Жер шарының түкпір-түкпірінде инфляцияның өскенінен және өзге де факторларға байланысты жалақының тұтыну көрсеткіші төмендеді. Шығыс Еуропада тенденция 3,3%-ке төмендеді. Солтүстік Америкада төмендеу көрсеткіші 3,2%-ті құрады, бұл инфляцияның өсуінен және еңбек нарығына төмен жалақылы қызметкерлердің келгенінен болу мүмкін. Солтүстік, Оңтүстік және Батыс Еуропада инфляцияның кесірінен жалақының тұтыну көрсеткіші 1,9%-ке төмендеді. Латын Америка мен Кариб теңізінде 1,7% төмендесе, Африкада 0,5% құрады.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/inflyacziya-szhiraet-zarplaty-vo-vsyom-mire-pokupatelnaya-sposobnost-upala-na-09-za-god-bizmedia.kz4_-1068x423.png.webp)

---

Жарияланды: 2023-02-16T05:40:08+06:00

Жаңартылды: 2023-02-16T05:42:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Ranking](https://qazaqpress.kz/tag/ranking/), [инфляция](https://qazaqpress.kz/tag/inflyaciya/), [статистика](https://qazaqpress.kz/tag/statistika/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/16/inflyaciya-aelemge-awrwdaj-tarap-ketti-azamattardyng-satyp-alw-qabileti-bir-zhylda-09-ke-toemendedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.