---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/15/cifrlyq-majningpen-ajnalysw-ueshin-menggeretin-daghdylar-talaby-bekitildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Цифрлық майнингпен айналысу үшін нақты талаптар бекітілді

![Цифрлық майнингпен айналысу үшін нақты талаптар бекітілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/v-kazahstane-majnerov-obyazhut-liczenzirovat-svoyu-rabotu-1-1068x601.jpg-1.webp)

**Қазақстанда Цифрлық майнингпен айналысу үшін меңгеру керек дағдылар талабы бекітілді, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Деректер орталығына ие цифрлық майнерлерді 1-ші түрге қосады. Олар жайлы төмендегі ақпарат талап етіледі.

Цифрлық майнингпен айналысу үшін ұйым цифрлық майнинг аппараттық-бағдарламалық реестріне қосылу керек, оған қоса цифрлық майнингпен айналысу үшін деректер орталығына тек меншік құқығы ретінде немесе өзге де заңды негізде қол жеткізуге рұқсат етіледі.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/v-kazahstane-majnerov-obyazhut-liczenzirovat-svoyu-rabotu-1-1068x601.jpg.webp)

Айта кетелік, бұл нысандар тұрғын үйлерден алыс орналасу керек. Цифрлық майнинг тек цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асырылу тиіс. Онымен қоса, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі, оларды өзге жүйелермен біріктіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелері, жүйелік операторлар мен энергия беруші ұйымдарға қосылған кезде кез келген уақытта ортақ тоқтан ажырататын автоматтандырылған жүйесі бар деген мәліметтерді келтіру қажет.

2-ші түрге цифрлық майнинг деректер орталығында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешеннің көмегімен цифрлық майнингтің өзімен айналысатын майнер кіреді.

Цифрлық майнингпен айналысу үшін, әуелі міндетті түрде бағдарламалық-аппараттық кешеннің тізіміне кіру керек. Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық құралдар майнердің жеке меншігі болғанмен, ол деректер орталығында тіркелгендіктен, цифрлық майнинг пулы арқылы ғана жұмыс істеу керек.

Жобаны Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі әзірлеген болатын. Толық ақпарат [«Ашық НҚА»](https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14408746) порталында 2023 жылдың 1 наурызына дейін орналастырылыпты.

---

Жарияланды: 2023-02-15T12:57:11+06:00

Жаңартылды: 2023-02-15T12:58:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [цифрлық майнинг](https://qazaqpress.kz/tag/cifrlyq-majning/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/15/cifrlyq-majningpen-ajnalysw-ueshin-menggeretin-daghdylar-talaby-bekitildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.