---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/15/19-aqpan-kueni-marafongha-bajlanysty-almaty-qalasynyng-zhartysy-zhabylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады

![19 ақпан күні марафонға байланысты Алматы қаласының жартысы жабылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/v-almaty-19-fevralya-perekroyut-chast-goroda-iz-za-marafona1-1068x601.jpg.webp)

**«Winter Run 2023» қалалық жарысын ұйымдастыру комитеті жарыс күні Алматыда көлік жолдарының жартысы жабылатынын айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Марафон 19 ақпанда Алматы қаласында өтпек. Сағат 4:00-ден 12:00-ге дейін қаланың бір бөлігі, яғни, жарыс өтетін жолдар жартылай жабылады.

Жарыстың басы «Нұрлы-Тау» бизнес орталығының жанында басталмақ. Әл-Фараби даңғылы бойымен Гагарин даңғылына дейін 10 шақырым айналып, қайтадан Нұрлы-Тауға оралады. Жалпы 3 қашықтыққа жүгіру жарысы өткізілмек – кәдімгі 10 км, 7 км скандинавтық жүріс және 3 километрлік балалар жүгірісі өткізілмек.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/v-almaty-19-fevralya-perekroyut-chast-goroda-iz-za-marafona2-1068x719.jpg.webp)

Сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының Назарбаев даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады екен. Тіпті, Әл-Фараби бойындағы Меңдіқұлов көшесінің астындағы туннель де сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін жабылады.

Есесіне Әл-Фараби даңғылының оңтүстік бөлігі енді көлік қозғалысына ашылатын болды. Ұйымдастыру комитеті жарыс қатысушыларының қозғалыс уақытын ескере отырып, тиімді жол жүру жүйесін жоспарлағанын айтты.

---

Жарияланды: 2023-02-15T10:37:37+06:00

Жаңартылды: 2023-02-15T10:37:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Winter Run 2023](https://qazaqpress.kz/tag/winter-run-2023/), [Алматы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty/), [жарыс](https://qazaqpress.kz/tag/zharys/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/15/19-aqpan-kueni-marafongha-bajlanysty-almaty-qalasynyng-zhartysy-zhabylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.