---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/10/tuerkiyada-denesi-tabylghan-adamnyng-kim-ekeni-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды

![Түркияда денесі табылған адамның кім екені белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/63e5119b401f8898540153.jpg)

**Түркияда денесі табылған адамның Әділ Қадырбеков екені анықталды, деп хабарлайда Qazaqpress ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.**

Ресми өкілдің хабарлауы бойынша, 8 ақпан күні кешкісін Хатай провинциясына қарасты Антакья қаласында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында Түркия азаматы табылды. Ол аман. Оны алдымен Құбылай Кескин екен деп ойлаған, алайда Кескиннің туыстары оны растамады.

Бүгін 9-ақпан күні таңғы 9-да іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып, оның барысында екі адамның денесі табылды. Оның біреуі түркиялық Құбылай Кескин болып шықты. Екінші дене Әділ Қадырбековтікі. Оны марқұмның туыстары растады.

> «ҚР Сыртқы істер министрлігі мәйіттердің Отанына жеткізілуіне барынша қолдау көрсетеді. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мірболат Құрмашевты іздестіру үстінде»,-деді Айбек Смадияров.

---

Жарияланды: 2023-02-09T20:43:14+06:00

Жаңартылды: 2023-02-09T20:43:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/10/tuerkiyada-denesi-tabylghan-adamnyng-kim-ekeni-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.