---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/10/51012/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 36 жастағы Жанар Дұғалова тұрмысқа шығуда

![36 жастағы Жанар Дұғалова тұрмысқа шығуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/cc9b09f34d0e7c0b.webp)

**Қазақстандық әнші әрі киноәртіс Жанар Дұғалова тұрмысқа шығуда. Ол өзінің таңдаған адамымен қалай танысып, қалай қосылғанын баяндап берді, деп хабарлайды Qazaqpress Nur.kz-ке сілтеме жасап.**

Продюсер әрі сұхбат беруші Тимур Балымбетов өзінің [YouTube](https://www.youtube.com/watch?v=gTWwQcCCLDs) арнасында жарияланған сұхбатында Жанардың өмірінде маңызды және қуантарлық өзгерістер болып жатқанын «бір жел құлағына үрлегенін» мойындады. Яғни, Жанар – тұрмысқа шығып жатыр деген хабар дөң басындағы аттың да құлағына жетіпті.

Жанар қуанышты хабарды растады.

> «Иә, бұл рас. Иә, тұрмысқа шығамын. Бір «қаша алмайсың, жасырына алмайсың, махаббат қуып жетеді» **(авт. түсініктемесі –** «**Любовь настала», сөзін Роберт Рождественский, әнін Раймонд Паулс жазған)**деген әнде айтқандай менімен де солай болды. Негізі тағдырымыз бұрыннан тоғысқан екен. Біз онымен бір жолмен жүріп, бір азық-түлік дүкеніне барып жүргеніміз белгілі болды, ол кезде біз Мәскеуде тұрған едік және оқып жүрдік, бірақ бір рет те жолымыз қиылыспаған еді.
> 
> 
> 
> 
> Біз Қазақстанда, үйде таныстық ақыры. Біздің саладан болмаса да, музыка жағынан талғамы мен есту қабілеті жақсы дамыған адам екен. Көп қырлы, қызықты жігіт. Мен үнемі тұрмысқа шыққым келген-тін, армандап жүрдім, бірақ жай тұрмысқа шыға салу емес, шын махаббатпен, құжат бойынша келісілген тұрмысты емес, алдын ала жоспарлап та емес, ақылмен емес, тек жүрегімнің қалауымен тұрмысқа шыққым келетін», – деді ол.

Той наурыз айына жоспарланғаны анықталды.

---

Жарияланды: 2023-02-10T07:06:19+06:00

Жаңартылды: 2023-02-10T07:06:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Жанар Дұғалова](https://qazaqpress.kz/tag/zhanar-dughalova/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/10/51012/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.