---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/08/almatyda-tuelekterding-ata-analary-ondaghan-million-tenggege-aldanghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда түлектердің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданған

![Алматыда түлектердің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/48ba544a-cb50-40c7-ba53-47ecc1f94d02.jpg)

**Алматыда түлектердің ата-аналары ондаған миллион теңгеге алданған, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұл жолы «кәсіпкерлікті» жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындайтын білім беру орталығының директорының атынан «әрекет еткен» 22 жастағы Ж. есімді азамат көрсетті.

> – Келісімшарт талаптарына сәйкес, ата-анаға – 238 мың теңгені бөліп төлеуге болатын. Сөйте тұра, бала тестілеуден өтпей қалса, «мұғалім» ақшаны қайтаруға уәде берген. Іс жүзінде оқу орталығының негізін қалаушы жоқ болып кеткен. Балалар уәде етілген сабақтарды алмаған. Ал ата-аналары полицияға көмек сұрап жүгінген. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тергеудің қазіргі сатысында қылмыстық іс бойынша 76 жәбірленуші бар. Күдікті ұсталды және қамауда отыр, – деді, Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

---

Жарияланды: 2023-02-08T06:18:09+06:00

Жаңартылды: 2023-02-08T06:18:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/08/almatyda-tuelekterding-ata-analary-ondaghan-million-tenggege-aldanghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.