2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетте Тұңғыш Президенттің жұмысы мен кітапханасының қызметін қамтамасыз етуге шамамен 6 миллиард теңге қарастырылған. ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, бұл нысандарға кететін шығындарды реттеу жоспарлануда, деп хабарлайды Qazaqpress Экспресске сілтеме жасап.
«Біз жылдан жылға кез келген шығынды, соның ішінде кітапхананың күтіміне де кететін шығындарды реттейтін боламыз», – деді Жамаубаев үкімет отырысында.
Қаржы министрі шығындарды азайту мәселесі наурыз айында бюджеттің келесі жоспарлауында қарастырылатынын айтты.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз