---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/07/pavlodar-qyzylorda-taszholyndaghy-koelik-apatynan-2-adam-koez-zhumdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Павлодар-Қызылорда тасжолындағы көлік апатынан 2 адам көз жұмды

![Павлодар-Қызылорда тасжолындағы көлік апатынан 2 адам көз жұмды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/230207104320603e.webp)

**Павлодар-Қызылорда автожолындағы көлік апатынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке cілтеме жасап.**

Көлік апаты 6 ақпан күні болған.

> «Павлодар-Қызылорда автожолының 244 шақырымында, Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Павлодар тұрғындары — Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Mercedes-тің өзге екі жолаушысы — 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын Екібастұз ауруханасына жеткізілді», — делінген хабарламада.

Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-02-07T05:36:29+06:00

Жаңартылды: 2023-02-07T05:36:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/07/pavlodar-qyzylorda-taszholyndaghy-koelik-apatynan-2-adam-koez-zhumdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.