---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/07/eks-ministr-ajmaghambetov-kazgyuw-wniversitetine-qyzmetke-ornalasty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Экс-министр Аймағамбетов КАЗГЮУ университетіне қызметке орналасты

![Экс-министр Аймағамбетов КАЗГЮУ университетіне қызметке орналасты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/1c7be7e1da0c411f9ce90a1579cc7dcc.jpeg)

**Асхат Аймағамбетов М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде оқытушы қызметіне орналасты. Бүгіннен бастап ол дәріс оқиды, деп хабарлайды Qazaqpress Экспресске сілтеме жасап.**

Университет бұрынғы ағарту ісі министрінің неліктен бұл ұсынысты қабылдағанын түсіндірді.

> «Асхат Аймағамбетов өз тәжірибесі мен білімін студенттермен бөлісу мақсатында ұсынысымызды қабылдаған болатын. Оның қызметке келгені студенттердің білім сапасын да, тұлға ретінде дамуын да арттыратынына сенімдіміз», – деді М.С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ол түрлі ұсыныстар мен жоспарлар дайындауда.

> «Бұд жайлы жақын арада айтамын. Бірақ, ұстаздықты кез келген жұмыспен біріктіруге болады, сондықтан мен ағарту ісін де осы қызметпен қатар жалғастырамын», – деді ол.

Асхат Аймағамбетов 2022 жылдың маусымынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Ағарту ісі жөнінде министрі қызметін атқарды. Ал, оған дейін 2019-2022 ж.ж. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болған.

---

Жарияланды: 2023-02-07T08:56:18+06:00

Жаңартылды: 2023-02-07T08:56:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [Асхат Аймағамбетов](https://qazaqpress.kz/tag/ashat-ajmaghambetov/), [Білім және Ғылым министрлігі](https://qazaqpress.kz/tag/bilim-zhaene-ghylym-ministrligi/), [КАЗГЮУ университеті](https://qazaqpress.kz/tag/kazgyuw-wniversiteti/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/07/eks-ministr-ajmaghambetov-kazgyuw-wniversitetine-qyzmetke-ornalasty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.