Жеңілдікті автонесие порталындағы өтінімдер қабылданбайды. Autonesie.kz сайты таусылған шектеулерге сілтеме жасайды, деп хабарлайды Qazaqpress Экспресске сілтеме жасап.
«Автоөндірушіге бөлінетін қаржыландыру бітіп қалғандықтан өтінімдерді қабылдау уақытша тоқтатылды. Жаңа өтінім беру мүмкіндігін күтіңіз», – деп жазылған сайтта.
Астана тұрғыны авто несиеге өтініш берудің бірнеше сатысынан өткен болатын. Алайда, ол көлік таңдамақ болған кезде сайт «қате» деп шықты.
Сатылымға ұсынылған көліктердің ішінде Chevrolet, KIA, JAC, Hyundai үлгілері бар екен.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз