---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/06/qasym-zhomart-toqaev-tuerkiya-prezidentine-koengil-ajtty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты

![Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/erdogan-wide-telegram_1_mediumthumb.png)

**Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

> «Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын», – деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Президент Қазақстанның Түркияға тиісті көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

---

Жарияланды: 2023-02-06T07:26:57+06:00

Жаңартылды: 2023-02-06T07:26:57+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/06/qasym-zhomart-toqaev-tuerkiya-prezidentine-koengil-ajtty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.