---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/03/smajylov-eaeo-naryghynda-azyq-tuelik-baghasyn-turaqtandyrw-ueshin-sheshimin-usyndy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Смайылов ЕАЭО нарығында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты шешімін ұсынды

![Смайылов ЕАЭО нарығында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты шешімін ұсынды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/smailov-predlozhil-reshenie-dlya-sderzhivaniya-rosta-czen-na-produkty-v-eaes1-1068x601.jpg.webp)

**ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 2022 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіретін елдерде азық-түлік бағасы орта есеппен 13%-ке өскенін айтты. Бұл Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кеңейтілген отырысында анықталды, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

Смайыловтың айтуынша, БҰҰ сарапшыларының 2023 жылы жаһандық экономиканың өсімі 2%-ке дейін төмендейді деген болжамы әлемнің көптеген елдерінде жоғарылап келе жатқан инфляцияға байланысты болу мүмкін.

Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, өндіріс пен сауда жұмысына тиген зиянының кесірінен, сондай-ақ бұрыннан келе жатқан жеміс-жидек пен көкөніс өндіруші елдердің жұмысы тоқтап қалғандықтан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелік ететін елдердегі азық-түлік бағасы ( ЕАЭО) күрт көтеріліп кетіпті. 2022 жылы ЕАЭО елдеріндегі азық-түлік бағасы орта есеппен 13%-ке өсіпті.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/smailov-predlozhil-reshenie-dlya-sderzhivaniya-rosta-czen-na-produkty-v-eaes-1068x601.jpg.webp)

Азық-түліктің қымбаттауын тоқтатып, ең қажетті тауарларды азаматтарға қолжетімді ету мақсатында Премьер-Министр бірқатар шараларды ұсынды. ЕАЭО-ға мүшелік ететін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін бастамалар жоспарлануда. Азық-түлік өндірісінің мүмкіндіктерін дамыту және жылыжайларды, мал бордақылау алаңдарын, сауда және қойма инфрақұрылымдарын дамыту бойынша бірлескен жобалар құрылатын болады.

Мемлекеттер арасындағы келісімнің негізгі мақсаты өндірілген отандық тауарлардың тұтынушылық шеңберін кеңейту екенін есте ұстаған жөн. Бұған қол жеткізу үшін кез келген санитарлық және фитосанитарлық шаралар, ветеринарлық стандарттар немесе техникалық регламенттер саудаға тосқауыл болмау тиіс.

---

Жарияланды: 2023-02-03T09:23:57+06:00

Жаңартылды: 2023-02-03T09:25:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [ЕАЭО](https://qazaqpress.kz/tag/eaeo/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/03/smajylov-eaeo-naryghynda-azyq-tuelik-baghasyn-turaqtandyrw-ueshin-sheshimin-usyndy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.