---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/02/2022-zhyly-qazaqstandyqtar-arasynda-frilans-qoldanysy-142-ke-oesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

![2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/naskolko-populyaren-frilans-u-kazahstanczev-rost-za-2022-god-v-142-main-bizmedia.kz_-1068x601.jpg.webp)

**Қазақстандықтар арасында соңғы уақытта қыстың күні экзотикалық елдерге көшіп, кафеде ноутбук алдында немесе үйде қашықтықтан жұмыс істеу белең алыпты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.**

**Қазақстанда фриланс қаншалықты кең қолданыста?**

Соңғы жылда hh.kz сайтында өзін фриланста бағын сынағысы келетін жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, дәлірек айтсақ, 142%-ке өсті. Бұл «еркін жұмыс» ұғымының қарқынды түрде бой алғанын білдіреді.

**Фриланс несімен тартымды?**

- Фрилансер ретінде жұмыс істеудің негізгі жақсы қыры икемді жұмыс кестесі дейді жұмыс іздеушілер.
- Одан кейін мобильділік – жұмыс орнына байланып қалу деген жоқ және іс-әрекет еркіндігі жақсы екен.  

Жұмысты «қалауы бойынша» ғана таңдау мүмкіндігі бар. Кез келген жұмыс іздеуші өзіне ұнайтын жобаларда ғана жұмыс істей алады.
- Және өз жұмысына жауапкершілікпен қарау қабілеті.
- Оған қоса, «еркін жұмыс» маманның кәсіби және жеке дамуына септігін тигізетін орасан мүмкіндіктер беретінін еске салайық.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/freelancer-763730_1280-1068x709.jpg-300x199.webp)

**Фрилансерлікте сұранысқа ие мамандықтар**

Сарапшылар hh.kz сайтындағы түйіндемелерге сараптама жасап, Қазақстанда фрилансер ретінде қызметтерін жиі ұсынатын мамандардың негізгі үш тобын анықтады. Бірінші топқа шығармашылық мамандықтардың өкілдері – дизайнерлер мен суретшілер кіреді. Одан соң IT мамандары – programmer мен developer және т.б. ал соңғы орында шет тілі аудармашылары тұр.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/02/freelance-6686755_1280-1068x758.png-300x213.webp)

**Фрилансерлердің жалақысы**

2022 ж. жұмыс берушілер фрилансерлерге жұмыс аймағы, тәжірибесі мен құзыретіне қарай 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін жалақы ұсынды. Осының бәрін ескере келе фрилансерлердің жалақысы кеңсе қызметкерлерінің жалақысынан кем емес деген тұжырымға келдік.

---

Жарияланды: 2023-02-02T08:54:43+06:00

Жаңартылды: 2023-02-02T08:54:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: [фриланс](https://qazaqpress.kz/tag/frilans/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/02/2022-zhyly-qazaqstandyqtar-arasynda-frilans-qoldanysy-142-ke-oesti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.