2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

2022 жылы қазақстандықтар арасында фриланс қолданысы 142%-ке өсті

Қазақстандықтар арасында соңғы уақытта қыстың күні экзотикалық елдерге көшіп, кафеде ноутбук алдында немесе үйде қашықтықтан жұмыс істеу белең алыпты, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанда фриланс қаншалықты кең қолданыста?

Соңғы жылда hh.kz сайтында өзін фриланста бағын сынағысы келетін жұмыс іздеушілер саны екі еседен астам, дәлірек айтсақ, 142%-ке өсті. Бұл «еркін жұмыс» ұғымының қарқынды түрде бой алғанын білдіреді.

Фриланс несімен тартымды?

Фрилансерлікте сұранысқа ие мамандықтар

Сарапшылар hh.kz сайтындағы түйіндемелерге сараптама жасап, Қазақстанда фрилансер ретінде қызметтерін жиі ұсынатын мамандардың негізгі үш тобын анықтады. Бірінші топқа шығармашылық мамандықтардың өкілдері – дизайнерлер мен суретшілер кіреді. Одан соң IT мамандары – programmer мен developer және т.б. ал соңғы орында шет тілі аудармашылары тұр.

Фрилансерлердің жалақысы

2022 ж. жұмыс берушілер фрилансерлерге жұмыс аймағы, тәжірибесі мен құзыретіне қарай 200 000 теңгеден 1 500 000 теңгеге дейін жалақы ұсынды. Осының бәрін ескере келе фрилансерлердің жалақысы кеңсе қызметкерлерінің жалақысынан кем емес деген тұжырымға келдік.