---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/02/01/aqtoebede-turghynnan-15-million-tengge-bopsalaghan-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде тұрғыннан 15 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды

![Ақтөбеде тұрғыннан 15 миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/02/photo_109297.jpeg)

**Ақтөбеде полицейлер ірі көлемде ақша бопсалаушыны ұстады, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.**

Қаңтардың аяғында полицияға Ақтөбе қаласының тұрғыны белгісіз адам қорқытып, 15 миллион теңге сұрағанын айтып арызданған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында арнайы бөлімше жауынгерлері көмегімен ҰҚҚКБ қызметкерлері 34 жастағы ер адамды анықтап, жәбірленушіден ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстаған.

Күдікті былтыр жыл аяғында бас бостандығынан айыру орындарынан шыққаны, сол жерде осындай қылмысы үшін жазасын өтегені анықталған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.

---

Жарияланды: 2023-02-01T06:25:13+06:00

Жаңартылды: 2023-02-01T06:25:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/02/01/aqtoebede-turghynnan-15-million-tengge-bopsalaghan-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.