Жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqpress Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін түнде жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова 46 жасқа қараған шағында кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Оған алдын ала «анафилаксиялық шок» деген диагноз қойылып отыр. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары мен Аппараты Гүлмира Раинбекқызының туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – делінген хабарламада.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз