---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/25/almatyda-kommwnaldyq-qyzmet-tarifteri-oesedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда коммуналдық қызмет тарифтері өседі

![Алматыда коммуналдық қызмет тарифтері өседі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/fdad59b30e38cf8da3562689be86cc39-e1663652671840.jpg)

**Алматыда коммуналдық қызмет қымбаттайды, деп хабарлайды Qazaqpress krisha.kz сайтына сілтеме жасап.**

Алматыда ыстық және суық су, электр қуаты, жылу мен кәріз тарифтері көтеріледі деп жоспарланған. Бұл ретте құзырлы органдар төлемнің қаншаға өсетінін әзірге нақты айта алмай отыр. Бұл туралы ӨКҚ-да өткен брифингте айтылды.

> — Табиғи монополия субъектілерінің әрқайсы үшін тарифтердің өсуі желілердің ұзындығы мен тозуына байланысты әртүрлі болады. Қазір талдаулар мен есептеулер жүргізіліп жатыр. Тарифтердің қаншаға көтерілетінін нақты айта алмаймыз. Тұтынушылардың салған қаражатына да қоғамдық бақылау жасалып, иесіз желілер бойынша жұмыс жалғасады. Қабылданған шаралар қызмет көрсету сапасына әсер етеді: құбырлардың жарылуы мен апаттар азаяды, — деді ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысы Әсел Буденеева.

---

Жарияланды: 2023-01-25T03:40:14+06:00

Жаңартылды: 2023-01-25T03:40:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/25/almatyda-kommwnaldyq-qyzmet-tarifteri-oesedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.