---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/23/sheteldik-koelikterdi-zangdastyrw-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды

![Шетелдік көліктерді заңдастыру басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/photo_419179.jpeg)

**Бүгіннен бастап шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіледі, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақ рульді автокөліктер.

**ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ТАЛАП ЕТІЛЕТІН ЕРЕЖЕЛЕР**

-Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;

-Криминалдық есепте болмауы керек;

-Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;

-Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.

Өтінім беру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

**ӨТІНІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ**

-е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;

-деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;

-ХҚКО-ның «Өз-өзіне қызмет көрсету секторы» арқылы.

**АВТОКӨЛІКТІ ЗАҢДАСТЫРУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР**

— Өтінім;

— Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;

— Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;

— Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Нәтижесі арнайы базаға тіркеледі және көлік иесінің телефонына 1414 нөмірінен SMS жіберіледі. Онда қабылданған шешім нақты жазылады.

**ҚАНША МЕМЛЕКЕТТІК АЛЫМДАР ТӨЛЕНЕДІ**

-Алғашқы тіркеу үшін – 200 000 теңге;

-Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ – 4 313 теңге;

-Мемлекеттік нөмір – 9 660 теңге.

Одан соң көлік иесі шетелдік техпаспорт, меншік құқығын растайтын құжатты ХҚКО мамандарына тапсырады.

Тіркеу бекітілгеннен кейін автокөлік иесіне ҚР тіркеу құжаты, мемлекеттік нөмір беріледі.

---

Жарияланды: 2023-01-23T04:16:40+06:00

Жаңартылды: 2023-01-23T04:16:40+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/23/sheteldik-koelikterdi-zangdastyrw-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.