Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлының қамаудағы мерзімі тағы ұзартылды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі 2022 жылдың наурызынан бері қамауда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағып отыр.

— 2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты, — деді елорда сотының баспасөз қызметі өкілдері.