Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан тағы бір адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте 53 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып,  тағы бір адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Qazaqpress COVID-19 бойынша ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

17 қаңтардағы мәлімет бойынша, 2 051 адам коронавирус инфекциясынан (–1 899+ және 152 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 193 пациент стационарда, 1 858 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 10 адамның жағдайы ауыр,

• 6 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.