---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/12/tzhd-almatylyqtargha-eskertw-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

![ТЖД алматылықтарға ескерту жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/8b2c65cd539f2fd1df82f07910c1e049.jpg)

**Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Ведомство өкілдері Қазгидромет мәліметі бойынша, 12-16 қаңтар аралығында температура -25 градусқа дейін күрт төмендейтінін атап өтті.

> — Бұл қауіпті метеорологиялық құбылыс. Осыған байланысты Алматы қаласының ТЖД қысқы кезеңде сақтық шараларын сақтауды сұрайды. Көшеде ұзақ серуендемеңіз. Қаладан тыс жерлерге бармаңыз. Көшеге шыққанда жылы киініңіз. Сонымен қатар, департамент қажет мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, тұрғындардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілеріне бақылауды күшейтуді ұсынды, — деді департамент өкілдері.

---

Жарияланды: 2023-01-12T06:12:09+06:00

Жаңартылды: 2023-01-12T06:12:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/12/tzhd-almatylyqtargha-eskertw-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.