Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу ережелері бекітілді

Қазақстанда шетелдік автокөліктерді тіркеу ережелері бекітілді

Үкімет шетелде тіркелген автокөліктерді Қазақстанда заңдастыру ережелерін бекітті, деп хабарлайды Qazaqpress Bizmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Министрліктің хабарлауынша, 11 қаңтарда үкімет «Қазақстан Республикасының аумағына 2022 ж. 1 қыркүйегіне дейін кіргізген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым ставкасын қолдану қағидаларын, талаптарын және шарттарын бекіту туралы және сол көліктерді кіргізген тұлғаларға, өндірушілерге (импорттаушыға) артылатын міндеттемелерден босату» қаулысына қол қойды.

Құжат 2022 ж. 1 қыркүйекке дейін елімізге кіргізілген жеке санаттағы көлік құралдарын тіркеу үшін алым ставкасын қолдану және сол көлік құралдарын кіргізген тұлғаларды кәдеге жарату салығын төлеуден босату тәртібі мен талаптарын, мерзімін реттеуге арналған.

Көлік құралы келесі талаптарға сай болса, автокөлікті алғашқы мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін 200 мың теңге көлемінде төлену тиіс:

Шетелдік автокөліктерді бастапқы тіркеу талаптары Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 2023 ж. 1 шілдеге дейін ғана өзекті және M1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы көлік құралдарына, оның ішінде оң рульді және бастапқы мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарына қолданылады.