---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/12/prezident-sayasi-qwghyn-suergin-qurbandary-twraly-koeptomdyq-kitappen-tanysty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық кітаппен танысты

![Президент саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдық кітаппен танысты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/kz1-6356-3_mediumthumb.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Qazaqpress Akorda.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекеттік комиссияның қызметі ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағытталған.

Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, жабық қорларда ауқымды зерттеулер жүргізді. Құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, ведомстволық архивтерді құпиясыздандыруға және қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысына әртүрлі қуғын-сүргін санаттары бойынша құжаттар мен материалдар негізінде құрастырылған 31 томдық құжат таныстырылды.

Биыл да Мемлекеттік комиссия қуғын-сүргін құрбандарының тарихын зерттеу, архив құжаттарын цифрландыру және электронды қорларды қалыптастыру бағытындағы жұмысын жалғастыра береді.

---

Жарияланды: 2023-01-12T06:21:36+06:00

Жаңартылды: 2023-01-12T06:21:36+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/12/prezident-sayasi-qwghyn-suergin-qurbandary-twraly-koeptomdyq-kitappen-tanysty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.