---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/11/qanat-twmysh-syrtqy-ister-ministrining-orynbasary-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қанат Тумыш Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды

![Қанат Тумыш Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/photo_108676.jpeg)

**Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Қанат Қобыландыұлы 1975 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар бакалаврі (1993-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық экономикалық қатынастар магистрі (1997-1999) дәрежесімен бітірген.

Еңбек жолы: ҚР Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол басқармасында референт, атташе (1997-1998); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1998-1999); ҚР Түркиядағы Консулдығында вице-консул (1999-2001); ҚР Түркиядағы Консулдығында Елшінің көмекшісі, баспасөз хатшысы (2001 — 2003); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы (2003); ҚР Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі Елшілігінің консулдық бөлімнің меңгерушісі (2003-2005); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты экономикалық ынтымақтастық департаментінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы (2005-2006); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Азиялық ынтымақтастық басқармасынде кеңесші, бөлім басшысы (2006-2007); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің Азиядағы қауіпсіздік басқармасының басшысы (2007-2009); ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2009-2010); «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі» халықаралық ұйымы Атқарушы директорының орынбасары (2010-2014); ҚР сыртқы істер министрінің кеңесшісі (2014-2015); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдігінде кеңесші-уәкіл (2015-2016); ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілінің орынбасары (2016-2019).

2019 жылғы шілдеден бері Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін атқарған.

---

Жарияланды: 2023-01-11T06:32:10+06:00

Жаңартылды: 2023-01-11T06:32:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/11/qanat-twmysh-syrtqy-ister-ministrining-orynbasary-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.