---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/11/konstitwciyalyq-sot-elbasy-twraly-zangnyng-kueshin-zhojdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күшін жойды

![Конституциялық сот Елбасы туралы заңның күшін жойды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/1024439601_0_2_2631_1481_1920x0_80_0_0_0c67053ffc3d6438fb3e210b0088b3bc.jpg)

**Конституциялық сот Парламент депутаттары тобының өтінішін қарады, деп хабарлайды****Qazaqpress****Tengrinews.****kz****-ке сілтеме жасап. **

Конституциялық соттың сайтындағы мәлімет бойынша, депутаттар тобы 5 қаңтарда Конституцияның 62-бабының 4-тармағына ресми түсініктеме беруді сұрады. Сондай-ақ депутаттар *«Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормаларды алып тастауға байланысты «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Конституциялық заңның күші жойылды деп танылуға жата ма?»* деген сұраққа жауап беруді сұрады.

> «2022 жылғы 5 маусымдағы республикалық референдумда білдірілген, Қазақстан Республикасының Конституциясынан 46-баптың 4-тармағы мен өзге де нормаларды алып тастау туралы Қазақстан халқының еркіне негізделе отырып, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықта сақталуына құқықтық негіздер жоқ деп тану қажет, осыған байланысты оның күші жойылды деп танылуға жатады», — делінген Конституциялық соттың қаулысында.

---

Жарияланды: 2023-01-11T06:27:54+06:00

Жаңартылды: 2023-01-11T06:27:54+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/11/konstitwciyalyq-sot-elbasy-twraly-zangnyng-kueshin-zhojdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.