---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/01/06/aleksandr-danilov-qr-aqparat-zhaene-qoghamdyq-damw-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Александр Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

![Александр Данилов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/01/photo_417980.jpeg)

**ҚР Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Qazaqpress Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылғы шілдеден 2022 жылғы қаңтарға дейін Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

---

Жарияланды: 2023-01-06T06:16:39+06:00

Жаңартылды: 2023-01-06T06:16:39+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/01/06/aleksandr-danilov-qr-aqparat-zhaene-qoghamdyq-damw-vice-ministri-qyzmetinen-bosatyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.